Көлік және коммуникация министрлігі: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында республикалық деңгейдегі автожолдардың жағдайы әлі де күрделі
ақпараттық хабарлама
Көлік және
коммуникация министрлігі: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында
республикалық деңгейдегі автожолдардың жағдайы әлі де күрделі
2010 жылғы 25 қаңтардың сағат
10.00-дағы мәлімет бойынша ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты (желдің
жылдамдығы 30 м/с дейін, қарлы боран) Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының
«Алматы – Өскемен» автожолының «Ұшарал – Ұлан көпірі», «Семей – Көкпекті»
автожолының «Рессей Федерация шекарасы (Омбыға қарай жол) – Майқапшағай»,«Қалжыр – Теректі», «Таскескен – Бақты» және
«Ұшарал – Достық» автожолдардың учаскелерінде барлық автокөлік түрлері үшін жол
жабық.
Қазіргі таңда «Қазақавтожол» РММ
жол жүру бөлігінен қарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Шығыс Қазақстан облысының
автомобиль жолдары учаскелеріндегі күрделі жағдайға байланысты, Қарағанды, Алматы
және Павлодар облыстарынан жол жүру бөлігін қардан тазалау үшін 7 жол-пайдалану
техникасыжіберіліп,Аягөз
қаласында орналасқан әскери бөлімшеден қосымша 3 дана жол-пайдалану техникасы
қоса тартылды.
Жалпы, Шығыс Қазақстан және
Алматы облыстарының республикалық автожолдарында 88 жол-пайдалану техникасы
жұмыс жасауда.
Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі
Телефон (факс): 8(7172) 24-30-33,
Телефон: 8(7172) 24-46-53, 24-16-34
При публикации материалов сайта обязательна ссылка на этот сайт.
По всем вопросам - тел: +7 (727) 2502-600 , +7 (727) 2502-785
e-mail: info@mediaclub.kz