Көлік және коммуникация министрлігі: Венада ЕҚЫҰ-ның 18-ші экономикалық-экологиялық форумының бірінші бөлігі өтуде
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ
Көлік және коммуникация министрлігі: Венада ЕҚЫҰ-ның 18-ші экономикалық-экологиялық
форумының бірінші бөлігі өтуде
2010
жылғы 1-2 ақпанда Вена қаласында «Шекараны өту пункттерінде тиісті басқаруды
ілгері бастыру, жер үсті көлігі қауіпсіздігін нығайту, ЕҚЫҰ аймағында
халықаралық автомобиль және темір жол көлік қатынастарын жеңілдету» тақырыбында
ЕҚЫҰ 18-ші экономика-экологиялық форумының бірінші бөлігі өтуде. Отырысқа Ұйымға
қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарының,
іскер және сараптаушы топтардың 300-ге жуық өкілдері қатысты. Қазақстанның
атынан Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі Азат
Бектұров бастаған делегация өкілдік етті.
Анықтамалық: Экономикалық форум 1992
жылы құрылған болатын. Оның басты мақсаты өтпелі экономика мәселелері мен еркін
нарықтық байланыстарға, бұл процестерді демократияны құру және тұрақтылықты
нығайтудағы маңызды үлес қосар тұрғыдан қарастырып, бұл мәселелерге Ұйымның назарын
күшейту болып табылады. 1996 жылы Экономикалық-экологиялық форум деген жаңа
атау берілді. Әр төрағалық форумның келер жылға қарастыратын тақырыбын белгілеп
отырады. ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық форумы жалпыеуропалық экономикалық және
экологиялық ынтымақтастың өзекті мәселелерін қарастырады. Өткізу тәртібі екі кезеңнен
тұрады: Вена мен Прагадағы сессиялары мен олардың алдындағы әзірлік
конференциялары.
ЕҚЫҰ-ның
қолданыстағы күнтізбесі бойынша қазақстандық төрағалық 2010 жылғы 1 қаңтардан
басталды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық мерзімінде ҚР көлік және коммуникация
министрлігі экономикалық-экологиялық өлшемді басқарады. Ондағы Қазақстан үшін
маңызды мәселелер қатарында еуразиялық көліктік дәліздерді дамыту, жер үсті
көлігі қауіпсіздігі мен шекараны өту процедураларын оңайлату.
Жоғарыда
атапөткендей, ЕҚЫҰ-ның «қазақстандық»
18-ші экономика-экологиялық форумының тақырыбы шекараны өту пункттерінде тиісті басқаруды ілгері бастыру, жер
үсті көлігі қауіпсіздігін нығайту, ЕҚЫҰ аймағында халықаралық автомобиль және
темір жол көлік қатынастарын оңайлату мәселелері.
ЕҚЫҰ-ның
18-ші экономикалық-экологиялық форумының бірінші әзірлік конференциясын 2009
жылғы 12-13 қазанда министрлік жоғары мазмұнда және ұйымдастырушылық деңгейде
өтті.
Бұл жолғы
форумда негізгі назар автомобиль тасымалдары мәселелеріне аударылған. Оның
ішінде, жоғары деңгейде шекараны өту рәсімдерінің қазіргі жағдайы мен оларды
жетілдіру жолдары, жер үсті тасымалдау қауіпсіздігін көтеру мәселелері
талқыланып, халықаралық автомобиль тасымалдау барысындағы физикалық емес
кедергілерді жою бойынша бірлескен ұсыныстар әзірленеді.
Отырыс жұмысын
бастап ашқанда көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров былай деді:
«Еуразия
жүрегінде орналасқан Қазақстан қазіргі заманғы көліктік инфрақұрылымын
қалыптастыруы мен дамуын жүйелі түрде іске асыруда. Өйткені, бұл жерден Шығыс
және Батыстың өркениет пен мәдениеттерін тоғыстырып, қазіргі заманғы
халықаралық қатынастарға негіз болған Ұлы Жібек жолы өткен.
Бүгінгі
таңда Еуразия құрылығының көп елдеріне, ірі көліктік тораптары мен
терминалдарына жол ашатын автомобиль жолдарының Еуропалық және Азиялық аумақтық
жүйелеріне белсенді интеграция процесі жүруде.
Біз
Қазақстанның ашық теңіз жолдарынан алыстығын тек өз еліміздің ғана емес, барлық
еуразиялық мемлекеттердің артықшылығына айналдыруды көздеп, еуразиялық көліктік қатынастарды
нығайтатын Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасында сауда жүктерін
транзиттік тасымалдың оңтайлы жолы ретінде ұсынбақпыз.
Қазіргі таңда
Қазақстан Ұлы Жібек жолын өркендету идеясын іске асыруға кірісті. Ресей және Қытай
әріптестерімен бірігіп, Еуропа елдеріндегі серіктестер мен халықаралық қаржы
институттардың демеуімен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автомобиль
дәлізін салу жұмыстары басталды.»
Форумға қатысушылар
кедендік процедураларды оңайлату және бірыңғайландыру, халықаралық тасымалдау
қауіпсіздігі мен оларды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Бұл
Қазақстанның ішкі де, сыртқы мүдделеріне сәйкес келуімен қатар, көліктің
техникалық жаңаруын, шетелдік инвестициялардың тартылуын, бюджеттің ұлғайтуын,
жаңа жұмыс орындар ашылуын ынталандырады. Сонымен қатар, республикамыздың
транзиттік-көліктік әлеуетін барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Өйткені,
халықаралық тасымалдың дамуы Қазақстанның аумақтық және халықаралық масштабтағы
маңызы мен орнына әсер етіп, көліктік кешен ғана емес, жалпы ел экономикасына
маңызы зор.
Экономика-экологиялық
форумның нәтижелері бойыншаЕҚЫҰ
хатшылығы ЕҚЫҰ аумағында үздіксіз автомобиль тасымалын қамтамасыз етуге
бағытталған ұсыныстарын әзірлейді.
ҚР көлік және коммуникация
министрлігінің баспасөз қызметі
При публикации материалов сайта обязательна ссылка на этот сайт.
По всем вопросам - тел: +7 (727) 2502-600 , +7 (727) 2502-785
e-mail: info@mediaclub.kz